Қазақстан • 22 Желтоқсан, 2021

Қазақстанда полипропилен өндіретін зауыт іске қосылады

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев 2022 жылы елімізде жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауытты іске қосу жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда полипропилен өндіретін зауыт іске қосылады

«Бүгінгі таңда Шымкент қаласында қуаттылығы 57 мың тонна октан көтеретін қоспа және қуаттылығы 81 мың тонна полипропилен шығаратын зауыт іске қосылды. 2022 жылы қуаттылығы жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауытты пайдалануға беру жоспарланған («КРІ» ЖШС, Атырау облысы). Бұдан басқа, мұнай-газ химиясы саласында бірқатар ірі жобалар, атап айтқанда полиэтилен өндіру бойынша жобалар іске асырылатын болады», деп хабарлады Энергетика министрі Үкімет отырысында.

Ведомство басшысы атап өткендей, полиэтилен жобасы бойынша бүгінде стратегиялық инвестормен ынтымақтастықтың базалық шарттары бойынша келісімдерге қол жеткізілді. Бутадиен жобасы бойынша ағымдағы жылдың мамыр айында «Татнефть» ЖАҚ-мен стратегиялық серіктес ретінде жобаны бірлесіп іске асыру туралы келісімге қол қойылды. 

«Аталған жобаларды іске асыру Қазақстан экономикасына шамамен 8,6 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік береді», деп қосты Мағзұм Мырзағалиев.