Қоғам • 21 Желтоқсан, 2021

«Абай» шахтасында қаза тапқандардың отбасына қандай көмек көрсетілді?

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Абай» шахтасында қаза тапқандардың отбасына қандай өтемақы берілгені белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

«Абай» шахтасында қаза тапқандардың отбасына қандай көмек көрсетілді?

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов кеншілер, металлургтер және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін басқа да кәсіп түрлерінің зейнеткерлік жасын қысқарту туралы депутаттардың сауалына жауап берді.

«7 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Абай» шахтасындағы апат салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру нәтижесінде ұжымдық шарт талаптарына сәйкес әрбір отбасына жалпы сомасы 278,3 млн теңгеге 10 жылдық еңбекақы төлемі көлемінде материалдық көмек көрсетілді», деді Тоғжанов.

Сонымен қатар қайтыс болғандардың отбасыларына асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы тағайындалады.

Еске сата кетейік, 7 қарашада Қарағанды облысындағы «Абай» кенішінде апат болып, салдарынан 6 адам қаза тапқан болатын.