Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2021

Атырау облысының әкімі Хаменованың ұсталуына қатысты пікір білдірді

4839 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов орынбасары Бақытгүл Хаменованың қамауға алынғанын естіп, ренжігенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысының әкімі Хаменованың ұсталуына қатысты пікір білдірді

«Хаменованың орнын ешкім алған жоқ. Оның қызметі әкімнің орынбасарлары арасында бөлінген. Тергеу жүріп жатыр, тергеуден кейін бәрі белгілі болады. Мен түсініктеме бере алмаймын, қазір тергеу жүріп жатыр», деді Досмұхамбетов үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.

Хаменованың ұсталғанын естігенде «әрине, ренжідім» деді облыс әкімі.

Ол қамауға алынғаннан кейін Хаменовамен байланыспағанын және құқық қорғау органдары оны жауап алуға шақырмағанын түсіндірді.

Әкім жақын арада қызметтен кететіні туралы қауесеттерге де жауап берді.

«Менде ондай ақпарат жоқ, естіген жоқпын. Бұл мәселені реттейтін заң бар. Егер орынбасарларымның сыбайлас жемқорлық жасағаны анықталса, онда заңға сәйкес мен отставкаға кетуім керек. Ал оны Мемлекет басшысы қабылдайды», деді Досмұхамбетов.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық дауынан кейін Атырауда Абай ескерткішін орнату жұмыстары кейінге шегерілуі мүмкін.

«Ескерткіш туралы шешім, қателеспесем, 2016 жылы қабылданған. Пандемия кезінде жұмысты жүргізе алмадық, ескерткішті биыл орнату жоспарда бар еді. Енді уақыты созылуы мүмкін немесе созылмайды. Тергеу әсер етеді ме, айта алмаймын», деп жауап берді әкім.