Президент • 10 Желтоқсан, 2021

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске байқаушы болған елдерге алғыс айтты

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа кеңестің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске байқаушы болған елдерге алғыс айтты

«Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ЖЕЭК-тің жұмысына конструктивті қатысқаны үшін және Еуразиялық интеграцияның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтамын», деді ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының ынтымақтастық бағытындағы елеулі рөлін айтты Өз кезегінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы ретінде жұмысын жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс форматында өткен іс-шараға байқаушы елдер – Куба, Молдова, Өзбекстанның басшыларына да алғысын жеткізді.