Оқиға • 06 Желтоқсан, 2021

Алматыда бойжеткен 12-қабаттан секіріп кетті

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда тағы да өзін-өзі өлтіру оқиғасы тіркелді. Бойжеткен 12-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда бойжеткен 12-қабаттан секіріп кетті

Әлеуметтік желілерде куәгерлер «жас қыз Ақсай 1А ықшам ауданы, 8-үйдің 12-қабатынан секіріп кетті» деп хабарлады.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл фактіні Әуезов аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша тіркегенін растады (өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу).

«Тиісті сараптамалар тағайындалды. Мән-жайлар мен себептері анықталуда», деп жауап берді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жақында Алматыда кәмелетке толмаған қыздың биіктен секіріп, қаза болғаны хабарланған. Бұл іс «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тергелуде.

Ал қараша айының ортасында әйел адам үш баласымен бірге терезеден секіріп кеткен.