Туризм • 03 Желтоқсан, 2021

Қазақстан-Мысыр әуе байланысы тоқтатылады

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 желтоқсаннан бастап Қазақстан мен Египет арасына қатынайтын ұшақтар тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан-Мысыр әуе байланысы тоқтатылады

Мұндай шешім Қазақстан аумағында «омикрон-штаммның» пайда болуына жол бермеу мақсатында қабылданды.

Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қостанай және Ақтөбе қалаларынан Шарм-Эль-Шейхке Air Astana және SCAT әуе компаниялары жүзеге асырған.

Авиакомпаниялардың ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Египетте шамамен 2800 қазақстандық бар. Олар 3-10 желтоқсан аралығында Мысырдан елге жеткізіледі.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, Египеттен келген қазақстандықтар елге ұшып келгеннен кейін коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсының бар-жоғына қарамастан, ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде 72 сағаттан ерте емес жасалған ПТР тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынып, міндетті түрде 7 күнге оқшаулануы қажет.

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025