Туризм • 02 Желтоқсан, 2021

Малайзия қазақстандықтар үшін шекарасын ашты

432 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Малайзия Үкіметі қазақстандықтар үшін шекарасын ішінара ашты. 2022 жылдың қаңтарынан бастап вакцина салдырған қазақстандық туристерге бүкіл мемлекет аумағында жүруге рұқсат етіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Малайзия қазақстандықтар үшін шекарасын ашты

GoTour туристік агенттігінің директоры Яна Хайрутдинованың айтуынша, қазіргі уақытта дайын турпакеттерді дайындау тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін белгісіз мерзімге шегерілді. 

«Бұл бағыт отандық туристер арасында әрқашан танымал болды. Бұрын хабарланғандай, Малайзияда халықаралық туристік көпіршіктің пилоттық жобасы анықталды, оны коронавирустық пандемияны басқару жөніндегі арнайы комитет мақұлдады. Бізге Малайзияға турлар бойынша өтінімдер түсіп жатыр», деді Яна Хайрутдинова.

Малайзия билігі жариялаған ережелерге сәйкес, ел аумағына кіру үшін қазақстандықтарға қажет: 

  1. ДДҰ мақұлдаған екі компонентті препаратпен, сондай-ақ ресейлік «Sputnik V» вакцинасын салдыртқаны туралы сертификат. 
  2. Белгіленген ұшуға дейін 72 сағаттан ерте емес уақытта жасалған ПТР-тестінің теріс нәтижелері. 
  3. Ең төменгі өтемі 80 мың долларды құрайтын сақтандыру полисі. 
  4. Барлық қажетті қызметтердің брондауын және лицензияланған туристік компаниялардың бірінің тұруын растайтын құжат. 
  5. Келу кезінде виза алу құқығы болмаса, жарамды визасы бар паспорт.

18 жасқа дейінгі балаларға вакцинацияланбауға рұқсат етіледі, бірақ олардың ата-аналары немесе бірге жүретін қамқоршылары міндетті түрде вакциналанған болуы керек.

Вакцинацияланған саяхатшылар карантиннен босатылады, оларға Лангкави аралының аумағында еркін жүруге рұқсат етіледі. Куала-Лумпур халықаралық әуежайына келген қазақстандықтарға молекулярлық тест тапсырып, теріс нәтижелер алу, иммиграциялық бақылаудан өту, сондай-ақ Лангкавиге дейінгі ішкі рейске тіркелу қажет болады. 

Сондай-ақ, турагенттікте стандартты рәсімдер уақыт өте келе өзгеретіні, ал малайзиялық турсекторды қалпына келтіру бойынша пилоттық жобаны енгізу жаңа штаммның пайда болуына байланысты кейінге шегерілетіні атап өтілді. Алғашқы үш айда Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі бағдарламаның тиімділігін бағалайды. 

Айта кетсек, Малайзия халқының 76%-дан астамы қазірдің өзінде толық вакцинацияланған.

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025