Қазақстан • 02 Желтоқсан, 2021

Қарағандылықтарды 263 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Қазақстан азаматтарын 263 млн теңгеге алдап кеткен жалған банк басшысы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандылықтарды 263 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

2019 жылы Қарағанды қаласының УП-не белгілі бір азаматтың алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болған азаматтардан өтініштер келе бастаған.

Анықталғандай, алаяқ өзін банктердің бірінің басшысы ретінде таныстырып, инвестициялық бағдарламаға салым салу үшін халықтан ақша тарта бастаған. Бұл ретте ол салынған соманың 1% түрінде дивидендтерді күнделікті төлеуге уәде берген. Қарағанды қаласының тұрғындары бұл ұсынысты тартымды санап, өз жинақтарын алаяққа беріп, орнына қаржы мекемесі директорының атынан қол қойылған кепілдік хаттарды алған.

Бастапқыда алаяқ «инвесторларға» кейбір ақша қаражатын беріп тұрған, бірақ уақыт өте келе байланысты мүлде үзген. Нәтижесінде, жәбірленушілерге келтірілген залалдың жалпы сомасы 263 млн теңгені құрады.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, аталған деректі ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғады.

Полиция банктердің бірінің қызметкері болып табылатын 31 жастағы ер адамды анықтады, ол сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрген. Күдіктіге қатысты Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу соты сырттай күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдап, халықаралық іздестіруді жариялады.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласындағы криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Ленинград облысының изоляторларының біріне қамалды. Қазіргі уақытта ұсталған адамды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде», деді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Абиль Абильдин.

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025