Қазақстан • 30 Қараша, 2021

Ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге ескерту жасалды

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің басым бөлігінде ауа райының нашарлауына байланысты азаматтардан жолдарда қырағы болу сұралады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram-каналына сілтеме жасап.

Ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге ескерту жасалды

«Еліміздің басым бөлігінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі және бұрқасын күтіледі. Осыған байланысты сіздерден жолда мұқият болуды, жол қозғалысы ережелерін сақтауды және көліктен шығар алдында машиналардың техникалық жағдайын тексеруді сұраймыз. Өз кезегінде «Қазақавтожол» ЖШС бүкіл ел бойынша 1000-нан астам қысқы арнайы техника жұмылдырды. Мамандар қар тазалау және көктайғаққа қарсы материалдарды себу бойынша жұмыс жасайды»,  делінген ҚР ИИДМ хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше