Оқиға • 29 Қараша, 2021

Нұр-Сұлтан бассейніндегі кісі өлімі: Нұсқаушыға сот үкімі шықты

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық №2 соты «Астана» спорт кешенінің жүзу нұсқаушысы Т-ға үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан бассейніндегі кісі өлімі: Нұсқаушыға сот үкімі шықты

Сот барысында нұсқаушы Т бассейнге келушілердің қауіпсіздігін қамтамасз етудегі міндеттерін дұрыс орындамай, соның салдарынан Е суға батып, қаза тапқан. Сот отырысында прокурор Т-ны 5 жылға бас бостандығынан айыруды, ал зардап шегуші тарап оны 8 жылға соттауды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ және әрекетінде қылмыс құрамының жоқтығына байланысты, істі тоқтатуды өтінді. Сот Т-ның зардап шегушіге медициналық көмек көрсетуге тырысуын оның кінәсін және жазаны жеңілдететін шара деп таныды.

ҚР ҚК 306-бабы 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық абайсызда жасалған қылмысқа жатады. Онда 4-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

«Аталған іске қатысты жаза 4 жылдан аспауы тиіс. Сот сотталушының жеке басын, зардап шегуші тараптың ұстанымын қаперге ала отырып, Т-ны 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Бассейн иегері «Арнаулы қамтамасыз ету орталығы» ЖШС-нан зардап шегуші тарапқа 10 млн теңге моральдық залал өтемақысы өндіріп алынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», делінген Астана қалалық соты таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Кеше