Қазақстан • 28 Қараша, 2021

Бүгін 5 қаланың ауа сапасы нашарлайды

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28 қарашада ел қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін 5 қаланың ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктердің мәліметінше, жексенбі күні Алматы, Шымкент, Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларында  ауа сапасы нашарлайды. Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.