Өнер • 26 Қараша, 2021

Димаш «Виктория-2021» музыкалық сыйлығына үміткер

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің «Виктория» ұлттық музыкалық сыйлығына үміткерлердің шорт-парағы жария етілді. Онда Димаш Құдайберген «Жыл әншісі» аталымына кандидаттар қатарына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Димаш «Виктория-2021» музыкалық сыйлығына үміткер

Dimashnews.com сайтының мәліметінше, биыл музыкалық сыйлық жеңмпаздарын марапаттау рәсімі 2 желтоқсан күні Мемлекеттік Кремль сарайында өтеді.

Биыл «Виктория» сыйлығына үміткерлердің қатары өте көп. Олардың саны 700-ден асып жығылады. Шорт-параққа 13 аталым бойынша ең үздіктер кіріп отыр.

«Жыл әншісі» аталымында Димашпен қатар кандидаттар арасында Дима Билан, Леонид Агутин, Jony, Филипп Киркоров бар. Димаш бұл аталымға «Я скучаю по тебе» композициясымен ұсынылған.

Айта кетерлігі, 2019 жылы Димаш «Виктория» сыйлығының «Классикалық музыкада жылдың әншісі» және «Жыл жаңалығы» аталымдарында жеңіске жеткен еді. «Виктория» сыйлығын ақын, меценат Михаил Гуцериев, композитор, продюсер Игорь Крутой, жазушы, медиа-менеджер Юрий Костиндер ұйымдастырып келеді.

Финалға шыққандар «Үздік жыл әні», «Үздік поп әнші», «Үздік хип-хоп орындаушы», «Үздік рок-группа немесе рок әнші», «Жыл композиторы», «Жыл ақыны» секілді 13 номинацияда бақ сынайды. Онда қазіргі заманауи музыканың барлық бағыты қамтылған.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше