Аймақтар • 25 Қараша, 2021

Баласын бөтенге беріп, істі болды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйел өзінің туған баласын Жамбыл облысындағы бөтен адамдардың үйіне қалдырып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Баласын бөтенге беріп, істі болды

«Рейд барысында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері 22 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, ол 2018 жылы бала туып, оны танымайтын адамдарға заңсыз бере салған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 135-бабы 1-бөлігі «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азаматша кінәсін мойындады», деді полициядан.

Айта кетсек, Жамбыл облысында «Stop-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

«Stop-трафик» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу адам саудасы, бас бостандығынан заңсыз айыру фактілерінің алдын алуға және анықтауға бағытталған. Профилактикалық іс-шара жалғасуда.