Хоккей • 23 Қараша, 2021

ҚХЛ: Бүгін «Барыс» «Динамомен» кездеседі

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Беларустің «Динамо» командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚХЛ: Бүгін «Барыс» «Динамомен» кездеседі

Кездесу елорда уақытымен 19:30-да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қос команда бүгінге дейін 26 мәрте шеберлік байқасты. Оның 12-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды. Екі команда арасындағы соңғы алты кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

«Барыстың» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің екеуінде жолы болды, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды. Ал «Динамо» соңғы алты кездесудің біреуінде қарсыластарын тізе бүктірді.

Еске салсақ, қазақстандық клуб бұдан бұрын Ресейде «Северсталь» командасына есе жіберді. Ал «Динамо» Ресейдің «Сибирь» командасынан жеңілді. Қазір «Барыс» 30 ойыннан кейін 26 ұпаймен турнир кестесінде 20-орында келеді. Ал «Динамо» 34 ұпаймен 14-орында тұр.