Қоғам • 22 Қараша, 2021

Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу жағдайларына берілетін әлеуметтiк төлемдердiң мөлшері артады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу жағдайларына берілетін әлеуметтiк төлемдердiң мөлшері 5% арттырылатын болады. Тиісті Қаулыға Үкімет басшысы Асқар Мамин қол қойды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен бес пайызға арттыру жүргізілсін.

2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37