Қоғам • 18 Қараша, 2021

Халықты отандық азық-түлікпен қамтуға барлық мүмкіндік бар – АШМ

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Сенат отырысында халықты отандық азық-түлікпен қамтуға барлық мүмкіндік бар екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықты отандық азық-түлікпен қамтуға барлық мүмкіндік бар – АШМ

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдына қойылған міндеттердің бірі – халықты Қазақстанда өндірілген азық-түлік тауарларымен, ең алдымен құс еті, балық, шұжық, сүзбе мен ірімшік, алма және қантпен қамту. Ол үшін таяуда қабылданған Ұлттық жобалар аясында 930-дан астам инвестициялық жобаны 2025 жылдың соңына дейін жүзеге асыру көзделген. Онда 150-ден астам тауарлық сүт фермасын пайдалануға беру қарастырылған. Оған қоса, 19 үлкен құс фабрикасы салынады. Оның ішінде 9 ет өңдейтін зауыт болады. 6,6 мың гектар қарқынды бақты пайдалануға беру де жоспарланған», деді министр Сенат отырысы барысында.

Оның айтуынша, аталған жобаларды жүзеге асыруға 4,5 трлн теңге қаражат тартылады.

«Ал қарастырылып отырған 2022-2024 жылдарға арналған 3 жылдық бюджетте 235 млрд теңге көзделген. Бұл қаражат инвестициялық субсидия мен несие және лизинг төлемақысын төмендететін субсидия үшін қарастырылып отыр. Жалпы Қазақстанда өндірілетін азық-түлік тауарларын халққа қолжетімді қылуға барлық мүмкіндік бар деп санаймыз», деді Ербол Қарашөкеев.