Президент • 12 Қараша, 2021

ҚР Президенті Түркі кеңесі хатшылығының жаңа кеңсесінің ашылуына қатысты

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі хатшылығының жаңа кеңсесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Президенті Түркі кеңесі хатшылығының жаңа кеңсесінің ашылуына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан президенттерімен және Мажарстан Премьер-Министрімен бірге Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі хатшылығының жаңа кеңсесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін мемлекет басшылары Түркі Кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін Ыстанбұлдың оңтүстік-шығысында орналасқан Демократия және бостандық аралына бет алды. Саммит Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30-да басталады.