Қазақстан • 11 Қараша, 2021

Қолайсыз ауа райында қаладан шыққандар жазаланатын болады

1387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қыста қаладан шығатын азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралуда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы Эльдор Райымбеков мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қолайсыз ауа райында қаладан шыққандар жазаланатын болады

«Қазіргі уақытта біз «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Қазақавтожол» ЖШС бірлесіп, қолайсыз ауа райы жағдайлары туралы ескертулерге назар аудармай, қысқы уақытта қаладан шығатын тұрғындарды жауапкершілікке тарту мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Ауа райының қолайсыздығы мен ескертулерді елемей жолға шығатындар бар. Нәтижесінде, сол адамдар төтенше жағдайға тап болады. Яғни, жол қызметінің қызметкерлері боран күндері шыққан автокөліктердің иелері туралы хабарлайтын болады, одан кейін тәртіп сақшылары мұндай азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартады. Бұл жерде басты мәселе – адамдардың қауіпсіздігі», деді Э.Райымбеков.

Оның айтуынша, заңнамада мұндай жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан ескертулерге назар аудармайтын жүргізушілерді жауапкершілікке тарту үшін шаралар қабылданатын болады.