Білім • 09 Қараша, 2021

Ғылыми ұйымдарды қаржыландырудың тәртібі өзгереді

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ғылым саласын қаржыландырудағы заңнамалық өзгерістер туралы депутат сауалына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғылыми ұйымдарды қаржыландырудың тәртібі өзгереді

Мәжіліс депутаттары жолдаған сауалға берген жауабында министрлік өкілі Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының аясында Ғылым туралы заңнамаға түзетулер енгізіліп жатқанын айтады. Нақты айтсақ, жетекші ғалымдардың еңбегіне ақы төлеу базалық қаржыландыру шығыстарының тізбесіне еніп отыр.

Сондай-ақ, іргелі ғылыми зерттеулермен айналысатын ғылыми ұйымдар үшін ғылымды қаржыландырудың жаңа түрін енгізу көзделген. Ал ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру мерзімі бес жылға дейін ұзартылуы мүмкін.

Министр орынбасарының сөзіне қарағанда, ғылымға бөлінетін қаржының көлемі мен бағыттарын айқындайтын Ұлттық ғылыми кеңестің шешімдері зерттеушілер тарапынан күмән туғызса, апаллециялық комиссияға шағым бере алады. Ол комиссияның құрамына жетекші ғалымдар, сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдерін қосу жоспарланып отыр.