Оқиға • 09 Қараша, 2021

Көлік жуу орталығындағы сейфтен ақша ұрлаған жігіт ұсталды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік жуу орталығындағы сейфтен ақша ұрлаған 19 жастағы тараздық ұсталды, деп жазады Egemen.kz.

Көлік жуу орталығындағы сейфтен ақша ұрлаған жігіт ұсталды

Тараз қаласының полициясына облыс орталығының 42 жастағы тұрғыны белгісіз адамның қала ішіндегі көлік жуу орнынан сейфті бұзып, 40 000 теңге сомасындағы ақшаны ұрлап кеткені туралы арызданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері Тараз қаласының 19 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. 

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35