Оқиға • 05 Қараша, 2021

Елордада ірі көлемде ақша ұрлаған бала күтушісі ұсталды

670 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда тұрғыны полицияға хабарласып пәтерінен 8 700 АҚШ доллары ұрланғанын айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада ірі көлемде ақша ұрлаған бала күтушісі ұсталды

Арыз берушінің айтуынша, ол отбасында бала күтуші болып жұмыс істейтін 35 жастағы әйелден күдіктенген. Күдікті әйел арызданушыда биылғы жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істеген. Пәтер иелерінің жоқтығын пайдаланып, ол жатын бөлмесіндегі сөмкеден ақша ұрлаған.

Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті әйел тұрғылықты жері бойынша көп ұзамай ұсталды. Әйелден ұрланған ақша табылып, тәркіленді. Әйел 2 мың долларды айырбастап алған, бірақ ұрланған ақшаны пайдаланып үлгермеген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға оның қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35