Әлем • 05 Қараша, 2021

Жапония Қазақстанның бұрынғы елшілерін марапаттады

720 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапония Үкіметі Ұлы Мәртебелі Император Нарухитоның атынан Қазақстанның Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдиновты және Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевты «Күншығыс, Алтын және Күміс Жұлдыз орденімен» марапаттады, деп жазады Egemen.kz.

Жапония Қазақстанның бұрынғы елшілерін марапаттады

Жапония Сыртқы істер министрлігінің сайтында отандық дипломаттардың Қазақстан мен Жапония арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және достықты тереңдетуге қосқан үлестері үшін марапатталғаны атап көрсетілген.

А. Камалдинов 2007-2016 жылдары Қазақстанның Жапониядағы Елшісі, 2016-2018 жылдар аралығында Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Е. Баударбек-Қожатаев 2016-2021 жылдары Қазақстанның Жапониядағы Елшісі болып, 2017-2021 жылдар аралығында Жапонияның Токай университетінде шақырылған профессор қызметін атқарған.

Марапатталған дипломаттар жапон және ағылшын тілдерін меңгерген.