Тағайындау • 25 Қазан, 2021

Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

580 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып Қайрат Бұлдыбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бұлдыбаев Қайрат Найманбайұлы 1963 жылы 21 қарашада Алматы облысы Гвардия ауданы Көксу ауылында дүниеге келген.

2004 жылы І. Жансүгіров атындағы ЖМУ университетін кәсіптік оқыту бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы Талдықорған жүк тасымалдау автобасқармасы Көксу көлік кәсіпорнының шебері қызметінен бастаған.

Алматы облысында «Автотехобслуживание» ЖШС директоры, Текелі қаласы әкімі аппараты Рудник кенті әкімінің міндетін атқарушы, Талдықорған қаласы Өтенай селолық округінің әкімі, Талдықорған қаласы ШЖҚ «Көркейту» МҚК бастығының міндетін атқарушы, Талдықорған қаласы «Көркейту» ШЖҚ МҚК бастығы, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы, Қаратал ауданың әкімі лауазымдарын атқарған.

Бүгінге дейін Талдықорған қаласы «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып қызмет етіп келген.