Қазақстан • 18 Қазан, 2021

Дизель отынына қатысты жағдай қайталанбауы керек - Энергетика министрі

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Атырау мұнай өңдеу зауытында дизель отынымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дизель отынына қатысты жағдай қайталанбауы керек - Энергетика министрі

Айта кету керек, тамыз-қыркүйек айларында Қазақстанда дизель отынын тұтынудың қалыпты өсуі тіркелді.

«Бүгінгі таңда жағдай қолмен басқару режиміне көшті. Энергетика министрлігі біздің алдымызға нарықты тез арада тұрақтандыру және сапалы отынмен қамтамасыз ету міндетін қойды. Күн сайын Шымкент зауытында шамамен 5,5 мың тонна дизель отыны, Атырауда – шамамен 4,4 мың тонна өндіріледі», деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Данияр Тиесов.

14 күн ішінде екі зауыт 133 мың тонна дизель отынын өндірді, бұл жоспарлы көрсеткіштерден 4 мың тоннаға артық.

Осы жылдың 9 айында үш МӨЗ-де 3,7 млн тонна дизель отыны өндірілді.

Бұдан басқа, мұнай өнімдері нарығындағы ағымдағы жағдайға байланысты Атырау МӨЗ-ін жөндеу мерзімін келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданғаны белгілі болды.

Өз кезегінде Энергетика министрі мұнай өңдеу компанияларының басшыларынан кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді талап етті.

«МӨЗ басшылығы мен ұжымының бірінші кезектегі міндеті - зауыттың сенімді және тұрақты жұмыс істеуі. Зауыттың істен шығуының әртүрлі себептерін атауға болады. Бірақ еліміз отын қорынсыз қалған осындай жағдай қайталанбауы тиіс», деді Мырзағалиев.