Спорт • 12 Қазан, 2021

«Буревестник» үшінші жеңісіне қол жеткізді

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Таиландтың Накхонпатхом қаласында волейболдан ерлер арасындағы Азияның клубтық чемпионаты өтуде.

«Буревестник» үшінші жеңісіне қол жеткізді

Бұл жарыста Алматының «Буревестнигі» табысты өнер көрсетуде. Тұсаукесер бәскесінде Ирактың «Соуз Газынан» 2:3 есебімен жеңіліп қалып, көңілімізді біраз жабырқатқан жерлестеріміз есесіне келесі қос кездесуде қарсыластарын ойсырата ұтты.

Атап айтсақ, жергілікті «Нахон Радчасима» мен Шри-Ланканың «СЕБ» клубтарынан 3:0 есебімен басым түсті. Кеше біздің жігіттер Кувейттің «Казмасымен» күш сынасты. Үш сеттік сайыста алматылық волейболшылардың үстемдігі еш күмән туғызған жоқ.

Бұл ойында да 3:0 (25:17, 25:20, 25:22) есебі тіркелді.

Осылайша, 10 ұпайды қоржынға салып, А тобында көш бастаған «Буревестник» плей-оффқа жолдама алды.

 

Соңғы жаңалықтар

Жылқы көбейсе – ел ырысы

Шаруашылық • Бүгін, 09:15

Жазатайым оқиға азаймай тұр

Мәселе • Бүгін, 09:00

Айтыс саңлағы

Руханият • Бүгін, 08:53

Өндіріс дамуының өзегі

Өндіріс • Бүгін, 08:43

Шығыны аз, шығымы мол

Аймақтар • Бүгін, 08:40