Қазақстан • 11 Қазан, 2021

Қазақстанды тұман басады

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 12-14 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанды тұман басады

«Кезең ішінде ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. 12 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады. Сондай-ақ, республика бойынша түнде және таңертең тұман, солтүстікте - көктайғақ, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл болжанады. Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температураның біртіндеп жоғарылауы 13...20-ға дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта 8...15-ке дейін, оңтүстік аймақтарда 13...20-ға дейін жылу», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.