Қоғам • 08 Қазан, 2021

Қазақстанда ит пен мысық етін жеуге заңмен тыйым салынады

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда тұңғыш рет үй жануарларының етін пайдалануға тыйым салынады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда ит пен мысық етін жеуге заңмен тыйым салынады

«Біз үй жануарларын қамтитын тізім жобасын жасадық. Оған ит, мысық, тотықұс, хомяк, ақ тышқандар кіреді. Бұл үй жануарлары ретінде ұсталатын жануарлардың негізгі, классикалық тізімі», деді  Әлия Шалабекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Үй жануарларын жеу қылмыстық жауапкершілік жүктейді. Бұл ереже «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» жаңа Заңда бар.

«Жануардың өліміне әкелген қатыгездік үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», деді вице-министр.

Оның айтуынша, жануардарды ұстау орнынан ит алып кетіп, кейін оның етін жеген жағдай болған. Жаңа заң бойынша ұйымдар иттің қандай жағдайда өмір сүретінін үнемі тексере алатын болады. Сатып алынған немесе сыйға тартылған үй жануарларына келетін болсақ, оларды бақылау көршілерге жүктеледі.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше