Елорда • 08 Қазан, 2021

Елордада жылдамдық шектеулері өзгерді

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының Тұран даңғылында жылдамдық шектеуі өзгертілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада жылдамдық шектеулері өзгерді

Бұл жайында қалалық City Transportation Systems компаниясы ресми мәлімет таратты.

Оған сәйкес Тұран даңғылының бойында Керей-Жәнібек хандар көшесінен Ұлы дала даңғылына дейінгі екі бағыттағы учаскеде жылдамдық 80-нен 60 км/сағ дейін төмендетілген.

Жылдамдық шектеуіндегі өзгерістер 2021 жылдың 8 қазанында сағат 00.00-ден басталды.

«Біз елорда тұрғындары мен қонақтарына аса мұқият болуды және Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерінің талаптарын басшылыққа ала отырып көлік жүргізуді өтінеміз», деп ескертеді көлік компаниясынан.