Парламент • 04 Қазан, 2021

Сенатта ТМД елдері Қарулы Күштерінің ынтымақтастығын жетілдіру жөніндегі заң жобалары қаралады

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Палата Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы өтіп, онда депутаттар ағымдағы жылдың 7 қазанына жоспарланған Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатта ТМД елдері Қарулы Күштерінің ынтымақтастығын жетілдіру жөніндегі заң жобалары қаралады

Отырыстың күн тәртібіне «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің  бірлескен гуманитарлық  минасыздандыру инженерлік бөлімшесі туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» екі заң жобасы енгізілді.

Бірінші келісімді ратификациялау Бірлескен бөлімшені қалыптастыру, қолдану және оның қызметін аяқтау тәртібін, қабылдаушы не транзиттік тараптың аумағындағы оның мәртебесін, сондай-ақ гуманитарлық минасыздандыруды жүргізу кезеңіндегі тараптардың әскери қызметшілерінің мәртебесін айқындайды. Бірлескен байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау өз кезегінде, Келісімге қатысушы елдердің Қарулы күштері байланыс жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

Бюро отырысында сонымен қатар Мәжілістен бұрын келіп түскен «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы», «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Биологиялық әралуандылықты сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары Сенаттың салалық комитеттеріне берілді.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50