Теннис • 04 Қазан, 2021

Дмитрий Попко Лиссабон челленджер турнирінің чемпионы атанды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Лиссабон челленджер турнирінің чемпионы атанды. Бұл туралы  ҚТФ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Дмитрий Попко Лиссабон челленджер турнирінің чемпионы атанды

Дүниежүзілік рейтингте 187-орында тұрған қазақстандық спортшы финалда италиялық Андреа Пеллегриноны 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Екі сағатқа жуық созылған матч барысында Попко 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 брейктен аса алмады.

Бұл олардың өзара алғашқы кездесуі еді. Бұған дейін Д.Попко осындай доданың финалында екі мәрте өнер көрсетіп, жеңіліп қалған еді. Сөйтіп өз спорттық жолында челлендж турнирлеріндегі бірінші табысына қол жеткізіп отыр. 

Португалиядағы жарыстың қорытындысына сәйкес Д.Попко ATP рейтингісінде 164-орынға көтеріледі. Бұл оның үздік көрсеткіші болмақ.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше