Аймақтар • 04 Қазан, 2021

Өндірісте жазатайым оқиғалар жиіледі

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұз қаласындағы өндіріс орындарының бірінде 24 жастағы машинист көмекшісі төрт метр биіктіктен құлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өндірісте жазатайым оқиғалар жиіледі

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға сағат 20:00-де кәсіпорындардың бірінің аумағында болған. Жарақат алған әйел өткен сенбіде сағат 23:15-те медициналық мекемеге жүгінді.

«30 қыркүйекте көмірді жеткізу контейнерін тексеру кезінде еденнің құлауы салдарынан жұмысшы 4 метр биіктіктен құлады», деп хабарлады полиция департаменті.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.