Экономика • 28 Қыркүйек, 2021

Еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем жүйесі енгізіледі

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VIII съезінде айтты, деп жазады Egemen.kz.

Еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем жүйесі енгізіледі

«Өздеріңізге мәлім, бизнестің маған жасаған өтініштері негізінде 2023 жылдан бастап еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем жасау жүйесін енгізу туралы шешім қабылдадым. Шағын және орта бизнеске түсетін жүктеме 34 пайыздан 25 пайызға дейін азаяды. Мұндай тәсілді өзін-өзі жұмыспен қамтитын және жеке кәсіпкерлерге қатысты да қолдану мүмкіндігін пысықтау қажет. Біз салық процесін басқаруды жеңілдетіп, кәсіпкерлік қызметтен барлық салықтар мен бюджеттен тыс төлемдерді қамтитын бірыңғай төлем жасау мүмкіндігін қарастырғанымыз жөн. Бұл бизнесті «көлеңкелі аймақтан» шығуға ынталандырады. Үкімет пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесе отырып, қолданыстағы арнайы салық тәртіптерін жетілдіру жұмыстарын пысықтауы қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.