Хоккей • 28 Қыркүйек, 2021

«Барыс» «Автомобилистен» айласын асырды

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» қатарынан екінші кездесуде жеңіске жетті.

«Барыс» «Автомобилистен» айласын асырды

Осының алдында ғана Новосібірідің «Сибиріне» овертаймда сан соқтырған жерлестеріміз одан кейін Екатеринбургтің «Автомобилист» клубын қабылдады. Бұл ойында таразы басы ұзақ уақыт бойы теңселіп тұрды. 2-минутта Даррен Диц «Барысты» алға шығарса, 4-минутта есеп теңесті. Үзілістен кейін қонақтардың жолы болды. 29-минутта Әлихан Әсетовтың пасынан кейін Егер Петухов соққан шайбаға олар екі голмен жауап қайырды. Үшінші кезеңде Никита Михайлис пен  Джо Марроу жергілікті көрермендерді қуантса, 50-минутта Алексей Макеев мергендік танытты.

Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмағаннан соң ойын овертаймға ұласты. Бұл ретте «Барыстың» бағы жанды. 64-минутта Якоб Лиля нысананы дәл көздеп, айдын иелеріне жеңіс сыйлады – 5:4. Бір айта кетерлігі, дәп осы ойыншы «Сибирьге» қарсы ойынның қосымша уақытында шешуші голды салған болатын.