Оқиға • 27 Қыркүйек, 2021

Ақтөбе облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде көлік аударылып, 19 жастағы жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының тұрғыны Ембі қаласынан Юбилейное кенті бағытында келе жатып жол апатына ұшыраған.

«Ваз-2110» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдың сол жағына қарай аударылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 19 жастағы жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 345-1-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ақтөбе облысының Полиция департаменті барлық жүргізушіні ереже сақтауға шақырады», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37