Әлем • 24 Қыркүйек, 2021

Испаниядағы нөсер жаңбыр су тасқынына ұласты

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияда нөсер жаңбыр салдарынан су тасқыны басталды. Көптеген жол мен көшені су басты, деп жазады Egemen.kz.

Испаниядағы нөсер жаңбыр су тасқынына ұласты

Фото: PxHere

«Кейбір жерлерде бір шаршы метрге 130 литрден астам жауын-шашын түсті, бұл соңғы онжылдықтардағы абсолютті максимум болды», деп жазады La Vanguardia.

Әсіресе Андалусия, Экстремадура және Валенсия зардап шекті. Су тасқынына байланысты сегіз орталықтан адамдарды эвакуациялауға тура келді.

Жаңбырдан көптеген жол учаскелерін су басып, ондаған көлік қалып қойды, темір жол қатынасы үзілді. Фермерлер де өнімге залал келтірілгенін хабарлады. Кей жерлерде бұршақ жүзім алқабын 50%-ға дейін, құрма мен цитрус дақылдарының алқабын 100% жойып кеткен. Фермерлер шығынды 8 миллион еуродан астам деп бағалаған.

Тасқын салдарын жоюға 150 000 еуро бөлінеді.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35