Ауа райы • 22 Қыркүйек, 2021

23-25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 23-25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

23-25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Салқын Атлантикалық антициклон шығысқа қарай баяу жылжып, Қазақстанның басым бөлігінде өзінің ықпалын сақтап қалады. Егер шеткі солтүстік және шығыс өңірлер төмен, бірақ оң ауа температурасын сақтаған циклонның қорғауында қалса, онда кезең ішінде антициклон оны республикадан тыс жерлерге ығыстыра бастайды. Ауа райы жауын-шашынсыз және төмен ауа температурада болады.

Түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында термометр 1-9 градусқа дейін төмендейді. Тек еліміздің батысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді», делінген хабарламада.