Бұқаралық ақпарат құралдары қылмыскер әлеуметтік желіде жоспары жайлы жазба қалдырғанын хабарлады. Онда өзінің ешқандай лаңкестік ұйымға мүше еместігін және мұндай шабуыл жасуды 10-сыныптан бастап жоспарлағанын айтқан. Сол кезден бастап, көлік жүргізу куәлігін аламын деген сылтаумен қару-жараққа ақша жинап келген.

Атыс салдарынан 8 адам қаза туып, 16-сы жараланған.
Аталған оқиға кезінде жоғарғы оқу орнының ресми сайты студенттерге аудиториядан шықпай, іштен бекініп алуды ескертті. Бірақ зәресі ұшқан жастар ғимараттың терезесінен секіріп, қаша бастаған.
![]()
Ал Тимур Бекмансуров құрықтау барысында ауыр жараланып, қаза тапты.
Оқиғаға байланысты «Қарулы шабуыл жасау» фактісімен қылмыстық іс қозғалған.
Айта кетейік, дәл осындай оқиға Ресей мектептерінің бірінде жақында ғана болған еді.