Спорт • 13 Қыркүйек, 2021

ҚХЛ-дің алғашқы матчтарында ойнайтын «Барыс» құрамы анықталды

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Барыс» Мәскеу - Рига - Хельсинки бағыты бойынша ҚХЛ-дің ағымдағы маусымының алғашқы сапарына аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

ҚХЛ-дің алғашқы матчтарында ойнайтын «Барыс» құрамы анықталды

14 қыркүйекте Юрий Михайлистің командасы ЦСКА-мен, 16 қыркүйекте «Динамомен» мұз алаңға шығады.

18 қыркүйекте біздің команда «Йокеритпен» кездесу сериясын жабады.

«Барыстың» құрамы:

Қақпашылар: Никита Бояркин, Йони Ортио, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Олле Альсинг, Самат Данияр, Даррен Диц, Эрик Мартинссон, Джо Морроу, Валерий Орехов, Роман Савченко, Егор Шалапов.

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Якоб Берглунд, Кертис Волк, Дмитрий Гурков, Алексей Зубов, Коди Куник, Якоб Лилья, Никита Михайлис, Максим Мусоров, Егор Петухов, Кирилл Савицкий, Роман Старченко, Кристиан Томас, Мэттью Фрэттин, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.