Ауа райы • 12 Қыркүйек, 2021

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

248 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 12-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Кәсіпорын тартқан мәліметтерге қарағанда, 12 қыркүйекте шығыс жарты шарда және солтүстік аймақтарда, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Еліміздің батыс жартысында антициклон жотасының әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең Солтүстік және Орталық аймақтарда тұман түседі. Қазақстанның шығыс жартысы мен солтүстік өңірлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнайды, жел секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді. Павлодар облысында күндіз екпіні жел 15-20 м/с соғады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде тұман, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Түнде солтүстігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде найзағай ойнайды, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен күшейеді. Орталықта желдің күші 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, солтүсті-батысында тұман түседі, елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең, оңтүстік-шығысында тұман түседі, түнде және күндіз солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі, күндіз солтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде Ақмола облысының оңтүстік-батысында,

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік жүреді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03