Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2021

Қылмыстық жауапкершілік: 15-тен аса жалған вакцинация паспортын жасаған

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда медицина қызметкері 15-тен аса жалған вакцинация паспортын жасап сатқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қылмыстық жауапкершілік: 15-тен аса жалған вакцинация паспортын жасаған

Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік департаменті Орал қаласындағы емханалардың бірінің қызметкері жалған екпе төлқұжаттарын жасағанын анықтады.

«Медицина қызметкері алдын ала сөз байласу арқылы ақшалай сыйақы алу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің «Вакцинация» электрон модуліне екпе салғызу туралы жалған ақпаратты енгізді», делінген агенттік хабарламасында.

Агенттік мәліметіне сүйенсек, екпе төлқұжаттарына тапсырыс берушілердің негізгі бөлігі мектепке дейінгі ұйымдар мен сауда қызметкерлері.

Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметінше, республиканың 13 облысында барлығы 26 соталды тергеу басталған. 86 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05