Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2021

Боранқұлда өртенген жатақханада 10 адам болған

740 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Боранқұл кен орнында өртенген жатақханада 10 адам болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Боранқұлда өртенген жатақханада 10 адам болған

Оқыс оқиға салдарынан екі адам көз жұмды. 2 адам ауруханаға түсті. Қалған 6 адам өзге жатақханаға көшірілген.

Қазіргі уақытта өрт сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС өртке қарсы қызметінің 2 өрт тобы жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Оқиға орнына «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС филиалының басшылығы барды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да Басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың жетекшілігімен оперативтік штаб құрылды. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Боранқұл кен орнындағы жатақханадан шыққан өрттен екі адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Оқыс оқиға Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шашамен сағат 04.55-те Маңғыстау облысы «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС-не қарасты Боранқұл кен орнындағы екі қабатты жатақханада болған.