Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2021

Бурабайда 4 әйелді өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында төрт әйелді айуандықпен өлтірген қылмыскерге қатысты сот үкімі оқылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бурабайда 4 әйелді өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды

Бұл туралы Көкшетау.Азия ақпараттық порталы мәлімдеді.

Ақмола облысы Бурабай ауылында болған қанды қылмыс тұрғындарды шошытқан. Қылмыс 2020 жылдың 5 желтоқсанында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлерінің бірінде ер адам төрт әйелді пышақтап өлтірген.

Тергеу мәліметтері бойынша, Ақмола облысының 28 жасар тұрғыны Валентин Штырь Бурабай аудандық полиция бөліміне өзі хабарласып, ұйықтап жатқан төрт әйелді өлтіргені туралы хабарды жеткізген.

Қылмысты жасау кезінде ер адам мас болған.

Оның құрбандары 70 жастағы әйел мен оның 41 жастағы қызы және екі көршісі екен.

Тәртіп сақшылары телефон соққан адамды ұстады. Ол бұрын бірнеше рет ұрлық үшін сотталған болып шықты.

Қылмысын мойындаған күдікті қылмыс құралы – пышақты көрсетті. Қылмыс себебін ол өлтірілгендердің бірімен араз болғанымен түсіндірді.

Ақмола облыстық соты сотталушыны кісі өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. Судья Торқалы Бектұрсынов оны өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады.