Коронавирус • 03 Қыркүйек, 2021

Елордада коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеді

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда КВИ ауруының деңгейі тамыз айында 21%-ға төмендеді, деп жазады Egemen.kz.

 

Елордада коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеді

Қаладағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары Жанна Пірәлиеваның мәлімдеуінше, соңғы 10 күнде тәулігіне 650-ден аз адам вирус жұқтырса, ал соңғы аптада олардың тәуліктегі орташа саны 470-ті құрады. 

«Тамыз айында ауру деңгейі шілдемен салыстырғанда 21%-ға төмендеді. Аптасына сырқат саны 25-тен 31%-ға дейін азайды. Мәселен, соңғы аптада вирус жұқтыру көрсеткіші өткен аптамен салыстырғанда 100 мың тұрғынға шаққанда 31%-ға төмен болды. Бір апта ішінде 3355 адам COVID-19 жұқтырды. Алдыңғы аптада ол 4920 адам болған. 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш – 258,2. Репродуктивті нөмір – 0,765», деді Жанна Пірәлиева.

Алайда сырқат саны азайғанымен қала «қызыл аймақтан» шыққан жоқ. Сырқаттанушылықтың жалпы көрсеткішінде клиникалық белгілері бар науқастардың үлесі әлі де жоғары (78-79%).

«Сондықтан КВИ ауруының деңгейін одан әрі төмендету үшін азаматтар санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және қол гигиенасын сақтауы керек», деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар