Парламент • 01 Қыркүйек, 2021

Нығматулин депутаттардың негізгі мақсатын атады

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің бірінші жалпы отырысында Мәжілістің төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттық корпустың алдағы негізгі мақсаты туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нығматулин депутаттардың негізгі мақсатын атады

Бүгін Президентіміз VII сайланған Парламенттің екінші сессиясын ашып, өзінің Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады.

«Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауы Қазақстанымыздың тұрақтылығын сақтай отырып, одан әрі дамытуға арналған стратегиялық құжат. Себебі Жолдауда саяси, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өсіп, өркендеудің нақты жолдары, қадамдары нақты көрсетілді. Оның ішінде, әсіресе агроөнеркәсіп, денсаулық, білім, аймақтар дамуы және басқа да бағыттарды нығайтуға ерекше көңіл бөлініп отыр», деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы енді депутаттық корпустың ендігі басты мақсаты – осы барлық бастаманы сапалы заңмен қамтамасыз ету екендігін айтты.