Оқиға • 01 Қыркүйек, 2021

Елордада сауда үйі өртеніп жатыр

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Байқоңыр ауданы Уәлиханов көшесінде орналасқан «Тұлпар» сауда үйінде өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада сауда үйі өртеніп жатыр

Бүгін сағат 07:36 минутта елордалық Өрт сөндіру қызметінің «101» пультіне Байқоңыр ауданы Уәлиханов көшесі 24 «Тұлпар» сауда үйінде өрт орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

№3 шақырту дәрежесі белгіленіп, өрт сөндіру есептерінің келіп жетуі кезінде 4 қабатты сауда үйдің ең жоғары 4-ші қабатында орналасқан сауда бутиктерінің өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндіру жедел штабы құрылып, 2 жауынгерлік учаскеге бөлінген.

«Қазіргі сәтте өрт орнында елордалық ТЖД-ның 19 техникасы және жеке құрамның 71 адамы жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ», делінген аталмыш департаменттің хабарламасында.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Елдік тұжырымдама

Пікір • Бүгін, 08:50

Ғасыр үні жаңғырған кеш

Руханият • Бүгін, 08:30

Тұрғындар түйткілін кім шешеді?

Аймақтар • Бүгін, 08:20

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:10