Спорт • 30 Тамыз, 2021

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада өтті

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конституция күні қарсаңында Қапшағайда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада аяқаталды, деп жазады Egemen.kz.

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада өтті

Спартакиада футбол, волейбол, баскетбол мен шахмат пен дойбы ойындары бойынша өтті. Жарысқа 20-дан астам адам қатысты. Сайыс «Бізбен бірге» қоғамдық қорының қолдауымен Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өтті.

«Біздің орталықта 130-дан астам адам қаралады. Денсаулығындағы ерекшеліктерін қарамастан, олар футбол, волейбол, баскетбол ойнап, спортпен белсенді түрде айналысады. Қазіргі пандемия уақытында көп жандар қозғалыс тапшылығын сезініп жатыр. Сондықтан осындай жарыстарды өткізу маңызды», дейді Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының маманы Алмаз Ахатқызы.

Спартакиада жеңімпаздары бағалы сыйлықтар мен арнаулы алғыс хаттармен марапатталды.