Спорт • 30 Тамыз, 2021

Рамис Дінмұхаметов халықаралық турнирден қола жүлде алды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чехияда тректегі велоспорттан  GP Prostejov - Memorial of Otmar Malecek халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рамис Дінмұхаметов халықаралық турнирден қола жүлде алды

Қазақстандық велошабандоз Рамис Дінмұхаметов аталған турнирде қола жүлдені жеңіп алды. Қазақстан құрамасының мүшесі Рамис скретч санаты бойынша бақ сынады.

Айта кетерлігі, спортшы Nursultan Cycling Team сапында өнер көрсетеді.

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.