Үкімет • 27 Тамыз, 2021

Жамбылдағы жарылыстың зардабын Үкімет комиссиясы анықтайды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің өкімімен 26 тамызда Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасында орын алған өрт пен жарылыс салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды, деп жазады Egemen.kz ведомство сайтына сілтеме жасап.

Жамбылдағы жарылыстың зардабын Үкімет комиссиясы анықтайды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен комиссия құрамына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Индустрия және инфрақұрылымдық даму және басқа да орталық мемлекеттік органдардың вице-министрлері кірді.

Комиссия міндетіне залалды бағалау және өрт пен жарылыс салдарын жою, зақымдалған инфрақұрылымды қалпына келтіру, сондай-ақ зардап шеккендерге әлеуметтік қолдау көрсету шаралары кіреді.