Оқиға • 27 Тамыз, 2021

Солтүстік Қазақстанда сібір жарасының ошағы анықталды

506 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл – жануарлар мен адамдар үшін аса қауіпті жұқпалы ауру, деп жазады Egemen.kz СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстанда сібір жарасының ошағы анықталды

Қара малдан күйдіргі ауруын жұқтырған Ақжар ауданына қарасты Горьковское ауылының тұрғыны ауруханаға жатқызылды.

Сібір жарасының ошағы тіркелген Ақжар ауданындағы Горьковское елді мекенінде карантиндік шаралар қолға алынды. Сырқатпен қарым-қатынас жасаған 57 адам дәрігерлер бақылауында. Олар екі апта бойы күн сайын клиникалық тексеруден өтеді. Науқастың қауіпті дертті қара малдан жұқтырғаны белгілі болды.

«Ақжар ауданы Горький ауылының тұрғыны медициналық мекемеге қолының ұшы ісіп, терісі сарғайып, үлділеп қалғанына шағымданған. Науқастың айтуынша, бұл белгілер түнде байқала бастаған. Ол ауруханаға жатқызылды. ПТР әдісімен зерттеу кезінде күйдіргі ауруының қоздырғшының ДНК-сы анықталған. Ауру ошағында байланыста болған тұрғындар анықталды. Аурудың алдын-алу мақсатында оларға шұғыл түрде антибиотиктер тағайындалды. Ауру ошағы залалсыздандырылды. Жеке шаруашылықтардың  бірінде қара мал сою кезінде науқастың қолында ешқандай да қорғаныш құралы болмағаны анықталды. Сол кезде жұқтырып алған. Бұл ауру адамдар үшін де мал үшін де аса қауіпті», дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.

Мониторинг шеңберінде СҚО бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының мамандары зертханалық зерттеу үшін мал сойылған орнында 5 нүктеде топырақтың 8 сынамасын, судың 1 сынамасын, жануар ұсталған қоршаудан 1 сынамасын іріктеп алды. Материал сараптамаға жіберілді, әзірге нәтижесі белгісіз.