Аймақтар • 27 Тамыз, 2021

ТЖМ: Жамбылдағы өртті сөндіруге тікұшқақ ұсынуға дайынбыз

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Төтенше жағайлар министрлігі Жамбыл облысы Королевка кентінің әскери қоймасындағы өртті сөндіруге тікұшақ ұсынуға дайын, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖМ: Жамбылдағы өртті сөндіруге тікұшқақ ұсынуға дайынбыз

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті.

«ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Қорғаныс министрлігі ресми үндеу салса, өртті сөндіру үшін тікұшақтар ұсынуға дайын»,  деп жазылған ресми мәліметте.

Министрліктің дерегі бойынша, әскери қоймадағы төтенше оқиғаның салдарын жоюға өзге өңірлерден мамандар тартылған.

«Алматы қаласынан құрамында 6 техника мен жеке құрамның 22 адамы бар жасақ, Түркістан қаласынан апаттық медициналық орталықтың 1 техникасы, Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 8 техника мен жеке құрамның 33 адамы бар жасақ және министрліктің апаттық медицина орталығының қызметкерлері келіп жетті. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары қалған өрт ошақтарын сөндіруге, тұрғындарды тұрақты орналасу орнына қайтаруға және теміржол мен автомобиль жолдарын қалпына келтіруге тартылатын болады», деп жазылған баспасөз қызметінің мәліметінде.